Әзірбайжанның бірінші ханымы Ватиканда Рим Папасымен кездесті

Әзербайжанның бірінші ханымы Ватиканда Рим Папасымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2025 14:16 Сурет: Facebook/FirstvicepresidentofAzerbaijanOfficial
2025 жылғы 17 қазанда Әзірбайжан Республикасының бірінші вице-президенті Мехрибан Әлиева Қасиетті Тақ — Ватиканға ресми сапары аясында Рим Папасы Лев XIV-пен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Мехрибан Әлиева мен Рим Папасы Әзірбайжан мен Ватикан арасындағы екіжақты қатынастардың дамуын талқылады. Бұл жөнінде Әлиеваның әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарланды.

Сондай-ақ, Әзірбайжандағы Қасиетті Таққа қарасты католик шіркеуінің қызметі және елде екінші католик шіркеуін салу бойынша жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды.

"Папа бірінші вице-президентке алғысын білдіріп, екіжақты қатынастардың дамуына Мехрибан Әлиева бірнеше жыл бұрын ұсынған бастамалар үлкен үлес қосқанын атап өтті", – делінген Әзербайжанның бірінші ханымының жарияланымдарында.

Айта кетейік, 20-21 қазан күндері Әзірбайжан Президенті Қазақстанға сапармен келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: