Түркия Рим Папасының тарихи сапарына дайындалуда

Түркия Рим Папасының тарихи сапарына дайындалуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 11:48 Сурет: Х/vaticannews
2025 жылғы 27 қарашада Рим Папасы Лев XIV алғаш рет Түркияға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші Никея соборының 1700 жылдық мерейтойына арналған бұл қажылық сапар 27 қарашада Анкарада басталады. Онда қасиетті әкей Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездеседі, кейін билік өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен және дипломатиялық корпуспен жүздеседі. Сол күні кешке ол Ыстамбұлға ұшады. Сапар бағдарламасын Қасиетті Престолдың баспасөз қызметі жариялады.

Алты күндік бұл сапар мамыр айында сайланған 70 жастағы понтифик үшін алғашқы ірі халықаралық сынақ болмақ. Папа баратын қалаларда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Папаның сапары өтетін күні Сириялық православ шіркеуі Мор Эфремде – Түркия Республикасында салынған алғашқы шіркеуде – өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем кезекшілік етеді. Шіркеуде Папаға арналған демалыс бөлмесі дайындалған. Ал, ғимарат алдында Ватикан туы көтерілген.

Сондай-ақ, шіркеуде жергілікті шіркеулер мен христиан қауымдастықтарының жетекшілерімен кездесу үшін арнайы дастархан жайылған. Киелі орындар үшін жауаптылардың айтуынша, шамамен бір апта бойы шіркеулер мен соборлар діни рәсімдерден басқа уақытта келушілер үшін жабық болады.

Сурет: vaticannews.va

30 қараша, жексенбі күні түстен кейін понтифик Ататүрк әуежайынан Бейрутқа аттанады. Онда да дайындық қызу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: