АҚШ-та бұрынғы тележүргізуші анасын өлтірді деген күдікке ілініп, тұтқындалды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 13:16 Фото: pexels
АҚШ-та бұрынғы тележүргізуші Анджелин Мок өз анасын өлтірді деген айыппен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2025 жылдың 31 қазанында болды, деп хабарлайды

Fox News мәліметіне сүйенсек, оқиға 2025 жылдың 31 қазанында болды. Полиция Моктың үйіне барған кезде оның қолының тілім-тілім болып кеткені байқаған. Құқық қорғау органдарының тінтуі кезінде үйде бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған 80 жастағы кейуана ес-түссіз жатқан жерінде табылды. Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Мок өзі де ауруханаға жатқызылып, кейін қамауға алынды. Бұрынғы тележүргізушінің айтуынша, ол пышақты өзін-өзі қорғау мақсатында қолданған.

Анджелин Мок 2011 жылдан 2015 жылға дейін Сент-Луистегі FOX 2 News арнасында таңғы жаңалықтарды жүргізген.

Бұған дейін Мексикада дүкенде шыққан өрт кезінде 23 адам опат болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: