Канар аралдарында он шақты туристі толқын алып кетті
Фото: unsplash
Испанияға қарасты Канар аралдарының бірі – Тенерифе аралында туристерді алып толқын шайып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиғаның бейнекадрларын El Periodico басылымы жариялады.
Белгілі болғандай, 79 жастағы әйел қаза тапқан, ал тағы 10 адам жарақат алған.
"Биіктігі 4,5 метрге жеткен күшті толқындар Санта-Крус-де-Тенерифе қаласында да байқалды. Табиғаттың тосын мінезінен тағы екі ер адам қаза тапқан. Оқиға алдында Канар аралдарының билігі дауылды ауа райы туралы ескерту жариялаған еді", – делінген мәліметте.
Бұған дейін Маврикий жағажайларынан құны 100 млн доллар болатын кокаин табылғанын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript