Сочи жағажайында демалып жүрген қызды дауыл кезінде толқын алып кеткен
Сурет: РФ ТЖМ баспасөз қызметі
Сочидегі теңіз жағалауында толқын алып кеткен қызды іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 16 маусымда Ривьера жағажайында болды. Липецк облысынан келген 20 жастағы турист ғашығымен бірге дауыл кезінде жағада серуендеп жүрген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам оны суға түсуге көндірген.
Алайда толқын күшейген кезде ғашығы оны ұстай алмай, қыз суға құлап, артынша көрінбей кеткен. Ал, теңіз жағасында абдырап қалған жігіт жағалау бойымен жүре берген.
ТЖМ қызметкерлері бірнеше күннен бері жағалау бойымен және теңізде қайықпен қызды іздестіруде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript