Таиландта егде жастағы туристі толқын алып кетті
Фото: unsplash
Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді. Жақында ресейлік зейнеткердің қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
SHOT Telegram арнасының мәліметінше, ол суға батып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, ер адамды толқын алып кеткен.
Басылымның жазуынша, 69 жастағы ер адам 47 жастағы серіктесімен Патонгта шілденің ортасынан бері демалып жүрген.
Оқиға 30 қарашада болған. Ер адамның денесін жағажайдан оның серіктесі тауып алған.
"Ол жедел қызметтерді шақырған. Құтқарушылар жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, нәтиже бермеді, келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады", – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Гонконгта тұрғын үй кешені өрті кезінде қаза тапқан адамдар саны 140-тан асқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript