Испанияда 3 миллион теңге мен бес бөтелке виски үшін ата-ана 14 жастағы қызын саудаға салған

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 10:09 Фото: unsplash
Испанияда ата-анасы өздерінің 14 жастағы қызын 21 жастағы жігітке 5000 еуро (шамамен 3 миллион теңге) және бес бөтелке вискиге сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Caso басылымының мәліметінше, бұл қылмыс кездейсоқ әшкереленген. Полиция супермаркет маңында құжатсыз қайыр сұрап жүрген қызды ұстаған, сонда істің мән-жайы ашылған. Тексеру барысында оның "күйеуінің" отбасы қызды мектепке жібермей, көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлегені анықталды.

Осы оқиғадан кейін қыздың ата-анасы, "күйеуі" және оның туыстары тұтқындалған.

Дегенмен, жасөспірім өзін құрбан ретінде санамайды. Ол бұл некені өзі саналы түрде қалағанын және ата-анасынан рұқсат беруін сұрағанын айтқан.

Осылайша, бір ай өткен соң барлық күдіктілер босатылған. Қызды өз ата-анасына қайтарып, ал оның "күйеуінің" отбасына онымен байланысуға тыйым салынған.

Бұған дейін Францияның экс-президенті Николя Саркозидің бостандыққа шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: