Атыс па, әлде нөсердің салдары ма: Конгода мыс шахтасы опырылып, отыз шақты жұмысшы қаза тапты
Сурет: бейнежазба скриншоты
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, құлау Лоалаба провинциясындағы нөсер жаңбырдан болған жер көшкініне байланысты орын алған.
Ал кеншілер қауымдастығы басқа деректерді келтіріп, 49 адамның қаза болғанын және ондаған адамның із-түссіз жоғалғанын мәлімдеді.
Кейбір басылымдар кеніштегі қайғылы оқиғаға өнеркәсіптік аймақтың қаруланған күзеті мен кеншілер арасындағы қақтығыс себеп болған болуы мүмкін деп жазады. Жұмысшыларды таратуға әрекет жасаған кезде күзет қызметкерлері оқ атқан. Таратылған ақпаратқа қарағанда, атыстан кейін қолдан жасалған көпір құлап, соның әсерінен қауіпті көшкін басталған. Қауіпсіздік қызметі мен шахтерлер арасындағы жанжалдың егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
Absolutely terrifying – a massive landslide at an artisanal mine has reportedly killed at least 80 people. November 15, 2025
— Weather Monitor (@WeatherMonitors) November 16, 2025
📍Kawama, Lualaba Province, Democratic Republic of the Congo (DRC).🇨🇬 pic.twitter.com/xfLZgy8Pg3
Бұған дейін Пәкістандағы теракт үшін жауапкершілікті талибтер өз мойнына алғанын жазғанбыз.