Конгода қарулы қақтығыс кезінде 17 адам қаза тапты
![Конгода қарулы қақтығыс кезінде 17 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 09:21](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-89ac81ed-e385-4e26-bae5-936efa54ae8e/400x224.webp)
Конго Демократиялық Республикасында "23 наурыз қозғалысы" (М23) тобының көтерісшілерімен ел әскерінің арасында қақтығыс өтіп жатыр. Жанжал салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 367 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Гома қалалық ауруханаларына сілтеме жасай отырып, France24 жазды.
"Хирургтар тәулік бойы жаралыларды аман алып қалумен күресуде, қақтығыс жалғасып жатқандықтан жарақат алғандар толастар емес",- делінген ақпаратта.
Гома дәрігерлері қала тұрғындарын зардап шеккендерді құтқару үшін қан тапсыруға шақырады.
Гома қаласы – 2 миллион халқы бар Солтүстік Киву провинциясының әкімшілік орталығы.
#BREAKING #DRCongo At least 17 people have died, and over 360 are injured in Goma, eastern DR Congo, amid clashes between government forces and rebels, reports Agence France-Presse.
— The National Independent (@NationalIndNews) January 27, 2025
DRC authorities and UN peacekeepers accuse Rwanda of supporting the rebels, urging troop… pic.twitter.com/TEQ1kTVso5
Бұған дейін Түркияның Алания провинциясында салынып жатқан тоғыз қабатты қонақ үйден өрт шыққандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз