Түркияның қазақтары көп қаласында алапат өрт болып жатыр

Өрт, Түркия, Алания, қонақ үй, құрылыс нысаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 20:23 Сурет: видеодан алынды
Туристер арасында өте танымал Түркияның Алания провинциясында салынып жатқан тоғыз қабатты қонақ үйден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, өрт сөндіруші бригадалар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай дүрбелең тудырған, өйткені ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған.

Бұған дейін Болуда да осындай жағдай болған. Ол кезде өрт Карталкая түрік тау шаңғысы курортындағы ғимаратты шарпыды. Grand Kartal қонақ үйінде өрттен 78 адам опат болды. 22 қаңтарды Түркия Аза тұту күні деп жариялады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Осы өртке қатысты іс бойынша 15 адам қамауға алынды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: