Түркиядағы тау шаңғысы курортындағы өрт: қаза болғандар саны айтарлықтай өсті
Hürriyet Daily News басылымы Түркияның ІІМ басшысы Али Ерликаяға сілтеме жасап жазғандай, төтенше жағдайды тергеу аясында тоғыз адам, оның ішінде қонақ үй иесі ұсталған. Оның сөзінше, қаза тапқан 45 азаматтың денесі жақындарына табысталған. Басқалардың жеке басы сот-медициналық сараптама және ДНҚ сынақтары арқылы анықталуда.
Карталкая курортындағы өрт өткен түнде болды. Қонақтардың көбі дәкілерді байлап, терезе арқылы түспек болды. Енді бірлері терезеден секірген. Қазірге 51 зардап шегуші анықталды.
Сондай-ақ, шетелдік БАҚ 1974 жылы салынған қонақ үй ағашпен қапталғанын, бұл өрттің тез таралуына ықпал еткендігін жазды. Аман қалған адамдардың бірі, ғимаратта түтін детекторлары да, өрт сөндіргіштер де болмағанын айтады.
Қонақ үйде барлығы 237 адам болған.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда.
INCIDENT UPDATE: A major fire at a hotel in the Turkish ski resort of Bolu has killed at least 66 people and injured dozens more. The fire broke out at the 12-storey Grand Kartal Hotel at 03:27 local time (00:27 GMT) during a busy holiday period when 234 people were staying… pic.twitter.com/v5LJkPQiLf
— The Risk Intelligence Group (@riskintelgroup) January 21, 2025
Бұған дейін Әзірбайжанның бұрынғы Әділет министрінің комаға түсіп қалғандығы хабарланған болатын.