Иран мен Ирак және Сауд Арабиясы 2024 жылы өлім жазасы бойынша көш бастап тұр

Иран мен Ирак және Сауд Арабиясы 2024 жылы өлім жазасы бойынша көш бастап тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 12:45 Сурет: pixabay
Өткен жылы өлім жазасына кесілгендердің 91%-на Иран мен Иракта және Сауд Арабиясында үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімнің 40%-ы есірткіге байланысты қылмыстар үшін енгізілген. 2024 жылы әлем бойынша өлім жазасының соңғы 10 жылдағы ең жоғары деңгейі тіркелді. Бұл жайлы Amnesty International жазды.

Өткен жылы 15 елде 1518 адам өлім жазасына кесілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 32%-ға көп.

Жазаға кесілгендердің көбіне Иранда үкім шыққан. Мәселен, былтыр 972 адам – бұл әлемдік көрсеткіштің 64%-ы.

Ұйымның есебінде Қытай, Вьетнам және Солтүстік Кореядағы өлім жазасы туралы мәліметтер жоқ, өйткені оларды алу мүмкін болмаған. Сондай-ақ, Палестинада, Сирияда және әскери қақтығыстар болып жатқан басқа елдердегі өлім жазасы да ескерілмейді.

Бұған дейін БАӘ-де үш Өзбекстан азаматы өлім жазасына кесілгендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: