ҚР СІМ Сауд Арабиясы мен Иран арасында қайта қалпына келтірілген дипломатиялық қатынасты құптайтынын білдірді

Сауд Арабиясы Корольдігі, Иран Ислам Республикасы, дипломатия , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2023 09:16 Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды".ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: