Мәскеудегі 7 жастағы баланың өлімі жайлы тың деректер жарияланды

Мәскеудегі 7 жастағы баланың өлімі жайлы тың деректер жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2025 11:09 Сурет: Мәскеу прокуратурасы
Мәскеудегі Голянов тоғанынан өлі күйінде табылған баланың қалған дене бөлшектері қала маңындағы Балашихадан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, баланы есірткіге мас күйде болған ер адам өлтірген. Болжам бойынша, күдікті – анасының бірге тұратын адамы. Сондай-ақ, баланың 31 жастағы анасы күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен болуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары мәйіттің жолдорбаға салынып тасымалданғанын мәлімдеді.

Бұған дейін 2025 жылдың 16 қарашасында Мәскеуде тоғаннан жылтырға оралған бала денесінің бөлшектері табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: