Үндістандық азамат бір жол апатында бірден 18 туысынан айрылды
Сурет: pixabay
Үндістан азаматы Сауд Арабиясында автобус пен жанармай тасымалдайтын автоцистерна соқтығысқан ірі жол апаты салдарынан 18 туысынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
IndianExpress басылымының мәліметінше, Үндістанның Телангана штатынан шыққан 42 қажы Сауд Арабиясында болған аса ірі жол-көлік оқиғасында қаза тапқан.
Қайғылы жағдай 17 қараша таңертең болған. Меккеден Мединаға бағыт алған автобус дизель отынын тасымалдаған автоцистернамен соқтығысқан. Алдын ала деректер бойынша, соққының қатты болғаны сонша – көптеген жолаушылар оқиға орнында көз жұмған, ал бірнеше адам ауыр жарақат алған.
Осылайша, 35 жастағы Сайед Рашид бір сәтте ата-анасынан, інісі мен оның отбасынан, жиендері мен басқа да жақындарын қосқанда 18 туысынан айырылды.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Конгода мыс шахтасы опырылып, отыз шақты жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript