Колумбияда теңіз түбінен қазынаға толы кеме табылып, халықаралық дау-дамай бұрқ етті
Сурет: Х/mincultura
Кеме 300 жылдан астам уақыт бұрын апатқа ұшыраған, деп жазады CNN. Сан-Хоседе болған қазына құны миллиардтаған долларға бағаланады.
Колумбиялық ғалымдар роботтардың көмегімен теңіз түбінен алтын монеталарды, фарфор ыдыстар мен зеңбіректі алып шықты. Артефактілер консервациялау процедурасынан өтеді және археологиялық зерттеулерде қолданылады.
Colombia shows first treasures recovered from 300-year-old shipwreck.
— AFP News Agency (@AFP) November 21, 2025
The San Jose was owned by the Spanish crown when it sank near Cartagena in June 1708. Only a handful of its 600-strong crew survivedhttps://t.co/TIVrLLfzC3 pic.twitter.com/BXEzRtq0MO
Табылған қазынаға қазірдің өзінде талас басталып кетті. Колумбия мен АҚШ-тың Sea Search-Armada атты теңіздегі құтқару компаниясы өзара тартысуда. Колумбия кеменің сынықтарын алғаш рет 2015 жылы тапқандарын мәлімдейді, ал американдықтар оны 1980 жылдардың басында байқағандарын айтады. Америкалық фирма соттасуға дайын. Олар 10 миллиард доллар талап етуде. Бұл - кемедегі бағалы бұйымдардың болжамды құнының жартысына жуығы.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мамонттың тісін тауып алғанын жазғанбыз.