Алтыннан апталған "Америка" унитазын кім сатып алғаны белгілі болды
Сурет: Х.com/Ripleys/status
Әлеуметтік желіде Маурицио Каттеланның алтыннан аптап жасаған "Америка" унитазының сатылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 қарашада Sotheby ' s аукцион үйі осы алтын унитазды аукционға шығарып, 12 миллион долларға сатты. Оны Ripley’s Believe It or Not компаниясы сатып алғаны анықталды. Олар ерекше нысандардың коллекцияларын жинауға маманданған.
19 қарашада өткен дүниежүзілік дәретхана күніне арналған компания мәлімдемесінде Каттеланның унитазы өздерінің ең құнды экспонаты болып табылатыны айтылады.
Ripley ' s коллекциясы қатарында тағы да мыналар бар:
- кептірілген наннан құрастырылып жасалған Альберт Эйнштейннің портреті;
- 450 мың сіріңке шырпысынан жасалған сарай макеті;
- иненің тесігіне сай келетін өте кішкентай мүсіндер.
Унитазды Ripley ' s мұражайларының біріне қою жоспарланып отыр, бірақ нақты қайсысына екені әлі айтылмады. Сонымен қатар компания мұражайға келушілерге нысанды мақсатына сай пайдалануға рұқсат беруді қарастыруда.
21 қарашада Sotheby ' s аукционында әйел суретшінің картинасы алғаш рет рекордтық сомаға сатылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript