АҚШ-та телефон қуаттағышының жанында ұйықтап қалған бүлдіршінді тоқ соғып, өлім аузынан қалды

АҚШ-та елефон қуаттағышының жанында ұйықтап қалған бүлдіршінді тоқ соғып, өлім аузынан қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 11:35 Сурет: gofundme.com
АҚШ-та қуат алып жатқан телефонның қасында ұйықтап қалған сегіз жасар баланы тоқ соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының мәліметінше, ұйқы кезінде баланың мойнындағы металл тізбек телефон қуаттағышы мен төсектің үстінде жатқан ұзартқыш саптама арасын тұйықтап, соның салдарынан оны қатты тоқ соғып, денесі күйіп қалған.

Бала жантүршігерлік ауырсынудан оянып, футболкасының өртеніп жатқанын көрген. Дауыстап көмек шақыра алмаған ол қызған тізбекті мойнынан жұлып алған.

Анасының айтуынша, баласы ұйқыда аунап кетіп, қуаттағыш пен ұзартқыш саптама арасындағы саңылауға абайсызда түсіп қалған.

"Ол тізбекті жұлып алмағанында, тоқ соғуын жалғастыра беретін еді. Яғни ол өз өмірін өзі құтқарып қалды", – дейді анасы.

Тоқ соққаннан кейін баланың мойны, кеудесі және қолдары қатты күйіп қалған. Оған тері трансплантациясы қажет болып, хирургтар теріні басынан, аяқтарынан және табандарынан алған. Оқиға баланың психологиялық жағдайына да әсер еткен.

Отбасы өз оқиғасымен бөлісе отырып, басқа ата-аналарды сақ болуға шақырады.

Бұған дейін Францияда жасөспірімдер теракт дайындады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: