Францияда жасөспірімдер теракт дайындады деген күдікке ілінді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2025 13:01 Фото: Zakon.kz
Францияда екі кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Олар Израильге қатысты нысандарда теракт ұйымдастыруды жоспарлады деген айыппен қамауға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFMTV дерегінше, Францияның ішкі қауіпсіздік бас басқармасы (DGSI) күдіктілерді 26 қарашада ұстаған.

Мәліметке қарағанда, жасөспірімдердің бірі - 16 жаста, ол белгісіз мессенджердегі радикалды топтың ықпалына түскен. Оны Страсбург қаласында қамауға алған.

1 желтоқсанда екі жасөспірімге де ресми айып тағылып, сот шешімімен олар қамауда қалдырылды.

Бұған дейін Нигерияда қарулы қарақшылар 200-ден астам оқушыны ұрлап әкеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: