Ақтөбеде жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция, Ақтөбе, жасөспірім, анасы, өлтіру, әжесі, жарақаттау, күдікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 17:14 Сурет: Zakon.kz
Желіде анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған жасөспірім туралы жаға ұстатар ақпарат тарауда. Сондай-ақ, жас жігіттің құмар ойындарға тәуелді екендігі де айтылады. Ақтөбе облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына аталған трагедия туралы мәлімет ұсынды.

Әлеуметтік желідегі мәліметтер бойынша, жасөспірім 16 жаста.

ПД баспасөз қызметі желідегі ақпаратты растады.

"Ақтөбе полициясының кезекші бөліміне қалалық пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру бойынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің денесін тапты". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, пәтерден пышақ жарақатын алған егде жастағы әйел табылып, ол ауруханаға жатқызылды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, түсінік берді.

"Тергеу әрекеттері жалғасуда", - дейді полициядан.

24 қарашада Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі сегіз айдан кейін денесі Жайық өзенінен табылған Яна Легкодимованың өліміне қатысты тың мәліметтермен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: