Павлодар облысында оқушы теракт туралы жалған хабарлама таратты деген күдікке ілінді
Сурет: unsplash
Павлодар облысы бойынша полиция департаменті мен ҰҚКД бірлескен іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарында салынған бомба туралы жалған хабарламалар таратты деген күдікке ілінген кәмелетке толмаған тұлға анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті Павлодар қаласы мектептерінің бірінде оқитын 14 жастағы оқушы болып шықты.
"Оқушы 2023 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында жаңа телефон нөмірлері арқылы аккаунттар құрғаны анықталды, ол арқылы терроризм актісі туралы жалған хабарламаларды білім беру объектілерінің электрондық поштасына жолдаған, содан кейін аккаунттарды жойып отырған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді", – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полицейлер терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін және 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript