Германияда турист басы кесілген әйелдің денесін тауып алған, ал оның үш айлық сәбиі монастырдан табылды

Германиядада турист басы кесілген әйелдің денесін тауып алған, ал оның үш айлық сәбиі монастырдан табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2025 12:16 Сурет: pexels
Германиядағы орманда басы кесілген әйелдің денесін табылды. Бұған дейін, 18 қарашада, Солтүстік Рейн – Вестфалия жеріндегі жол бойынан әйелдің қолдары табылған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Record басылымының жазуынша, алғашқы табылған жерден 112 шақырым қашықтықта турист әйелдің бүлінген денесіне кезіккен. Сарапшылар оның Эритреядан келген 32 жастағы әйел екенін анықтады.

Марқұмның кім екенін және әртүрлі жерлерден табылған дене бөліктерінің бір адамға тиесілі екенін ДНҚ талдауы мен саусақ іздері бойынша анықтаған. Әйелдің басы әлі күнге дейін табылған жоқ.

Әйел бұрын із-түссіз жоғалды деп есептелмеген. Неміс БАҚ-тарының жазуынша, қолдары табылғаннан кейін полиция оның Бонн қаласындағы босқындар жатақханасын тексерген, бірақ бөлмеден ешқандай күдік тудыратын белгі таппаған.

Тергеу жүріп жатқан кезде Гессен федеральды жеріндегі монастырдан марқұмның үш айлық баласы табылды. Бала мұқият оралған күйінде арбамен қалдырылған, ал жанында аты-жөні мен туған күні жазылған жазба болған.

Осы мәліметтердің арқасында полиция баланың марқұм әйелге тиесілі екенін тез анықтады. Құқық қорғау органдары 41 жастағы әйелдің серіктесін ұстаған, бірақ әзірге ол күдікті ретінде емес, куәгер ретінде қарастырылып отыр.

Бұған дейін Үндістанда бойжеткен сүйіктісінің мәйітімен "неке қию рәсімін" өткізгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: