Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 00:59 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды. Құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен, деп жазды pavlodarnews.kz.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған. 

"Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды". Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: