Қарағандыдағы өрт: пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Қарағандыда көп қабатты үйде газ жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 23:00 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
Қарағандыдағы өрт шыққан пәтерден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт сағат 22:37-де сөндірілген.

"Пәтерден үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар – екі ер адам, бір әйел", - деді Талғат Иманқұлов.

10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы, 18/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. Өрт 18 қабатты үйдің 8-қабатынан шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: