"Қазақмыс" кенішінің аумағында ер адамның мәйіті табылды
Жомарт кеніші Жезқазған қаласынан 300 шақырым жерде. Аумаққа кіруге тек жұмысшылардың рұқсаты бар.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен «Адам өлтіру» бойынша ТЖД тіркелді.
Қазір полицейлер күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.
6 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасының аумағынан департамент бөлімшелерінің бірінің қызметкерінің мәйіті табылды.
25 маусымда Бестөбе кенішіндегі шахтадан ер адамның денесі табылды. Бұл заңсыз жұмыс істейтін үш кеншілердің бірі болып шықты. Шілденің 22-сі күні сол шахтадан заңсыз кен өндірушінің мүрдесі табылды. Мәйітті ұйықтайтын қапшыққа орап, жарылғыш вагонға салып, шахта оқпанының қасында қалдырған. Оны шахта жұмысшылары тауып алып, жер бетіне шығарған.