Павлодар облысында ер адамның мәйіті табылды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2024 19:16 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында ер адамның мәйіті табылды. Күдіктіні полицейлер "Өтірік детекторымен" анықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс ауылдарының бірінен ер адамның денесі табылды. Ер адамның өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, Aqiqat компьютерлік полиграфы арқылы зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында алынған жауаптарға полиграф оның өтірік айтқанын көрсетті. Тестілеуден кейін күдікті жасалған ауыр қылмысты мойындады.

Тағы бір жағдайда аталмыш аппаратпен полицейлер облыс ауылдарының бірінде қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында күдіктіні тексерді. Жауап алу кезінде ер адам қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақталған. Тергеуші компьютерлік полиграфтың көмегімен күдіктінің өтірік айтып тұрғанын анықтаған. Аталмыш тергеуден кейін күдікті кінәсін мойындаған. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: