Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның денесі табылды

адамның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2022 15:59 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция адам өлтіру бабы бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 ақпан күні сағат 10:35-те Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне ауылдық округ әкімінен хабарлама келген. Ол ауылдағы мектептің жанында ер адамның денесі табылғаның айтты. Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Ақпанның 18-і күні сағат 15.00 шамасында ер адам досына келеді. Алкогольдік ішімдік ішіп, араларында жанжал басталады. Шу барысында әйел пышақты қарсыласының кеуде тұсына сұғып алған. Қазір қажетті сараптама тағайындалды. Ақмола облысы ДП баспасөз қызметі

Ведомствода қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру бабы бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: