Қырғызстанда балаларын аяусыз ұрған әйелге қылмыстық іс қозғалды
Фото: pxhere
Әлеуметтік желілерде Чүй облысының тұрғыны балаларын сыммен ұрып, оларды өлтіремін деп қорқытқан видеосы тарады. Zakon.kz мәліметінше, әйел бұл жазбаны күйеуімен жанжалдан кейін әдейі түсірген.
Оқиға 26 қарашада болған. Видео жарияланғаннан кейін Чүй облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тексеріс бастады.
24KG порталының хабарламасында:
"Күдікті үш ай бойы күйеуімен ренжісіп жүрген. Сол себепті балаларын соққыға жығып, оны күйеуіне қарсы "кек" ретінде түсірген. Әйел, оның жолдасы және жеті мен тоғыз жастағы екі бала тергеуге жеткізілді. Азаптау және күш қолдану деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қамауға алынды", – деп көрсетілген.
Zakon.kz редакциясы кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты тұрмыстық зорлық көріністерін таратпау үшін видеоны жарияламады.
Сонымен қатар, Алматыда бір ер адам балалар арасындағы жанжалға араласып, баланы теуіп кеткен оқиға тіркелді. Кейін жәбірленушінің анасы бес жасар ұлының жағдайы туралы хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript