Атырауда қызды аяусыз ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 11:14 Фото: pexels
Әлеуметтік желілерде Атырауда кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғу сәті түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы сипаттамаға сәйкес, оқиға "Жилгородок" саябағында болған. Кадрларда бір қыз екіншісін аяусыз ұрып жатыр: жұдырықпен денесіне соққы жасап, басынан теуіп жіберген. Ал жәбірленуші кешірім сұрап, тоқтатуды өтінеді:

"Бәрін түсіндім, кешірші. Болды... Өтінемін, қайталамаймын..."

Алайда шабуыл жасаған қыз соққысын жалғастыра береді, тек анда-санда демін алу үшін ғана тоқтайды. Видеоның соңғы бөлігі түсірілмеген.

Полиция оқиғаға түсініктеме берді:

"Атырауда колледж студенттері арасында жанжал болған. Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Барлық қатысушылар профилактикалық есепке қойылады, материалдар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды. Балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, полицияға хабарламай, төбелесті видеоға түсіріп, таратқан жасөспірімге де құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.

Құзырлы органдар ата-аналарды балалардың бос уақытын және мінез-құлқын қатаң бақылауға алуға шақырды.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 17 тамызда Атыраудағы төбелес кезінде жас фельдшер қаза тапқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: