Ақтауда бір топ оқушының құрдасын ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2024 21:50 Сурет: pixabay
10 мамырда Қазнетте мектеп оқушысын құрдастары ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Egov.press Telegram-каналы авторларының хабарлауынша, Маңғыстау облысындағы №28 мектептің оқушылары қатарласын топтасып ұрып-соққан.


Видеодан оқушыны әуелі ғимараттың артындағы спорт алаңынан қалай алып кеткені көруге болады. Сосын балалар оны тепкілейді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты Zakon.kz тілшісіне түсінік берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа деректер жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: