Ақтауда жігіттерді қолдан жасалған сойыл мен битамен ұрып-соқты

Әлеуметтік желіде Ақтауда бетперде киген жігіттердің екі жасты ұрып-соғып жатқаны түсірілген екі видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір видеода жігіт «мен қойған жоқпын» дейді. Шабуылшылар кешірім сұра деп, оның саусақтарынан қолдан жасалған сойылмен ұрған. Тағы бір видеода жігітті таяқпен ұрып жатыр.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі факті бойынша да осы Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция анықтағандай, екі жағдай да әртүрлі уақытта болған.
Полицейлер зардап шеккендер мен 16 және 21 жастағы үш күдіктінің кім екенін анықтады. Қазірдің өзінде екеуі қамауға алынды, тағы біреуі іздестірілуде.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript