Ресейде ең танымал Roblox платформасы бұғатталды

2025 жылғы 3 желтоқсан күні таңертең Ресейдің әр түрлі аймақтарындағы қолданушылар Roblox қосымшасы мен сайтының жұмысында ақауларға шағымданды. Кешке қарай Роскомнадзор танымал платформаны толық бұғаттағанын хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2025 12:14 Сурет: pexels
2025 жылғы 3 желтоқсан күні таңертең Ресейдің әртүрлі аймақтарындағы қолданушылар Roblox қосымшасы мен сайтының жұмысындағы ақауларға шағымданды. Кешке қарай Роскомнадзор танымал платформаны толық бұғаттағанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұғаттауға себеп ретінде "экстремистік және террористік әрекеттерді насихаттау мен ақтау, зорлық әрекеттерін жасауға шақыру материалдарының көп және қайталанатын таралуы" көрсетілді.

РБК басылымында атап өтілгендей, Роскомнадзор бұған дейін де платформаның "қолайсыз контентке" толы екенін мәлімдеген және 2019 жылдан бері қызметке бірнеше рет шағымдар жолданған.

Roblox – ең танымал ойын платформаларының бірі. Платформаның идеясы 2004 жылы пайда болып, 2006 жылы іске қосылған. Күн сайынғы белсенді қолданушылар саны 151 млн-нан асады. Солардың жартысынан көбі 16 жасқа дейінгі балалар, ал көбісі 13 жасқа дейінгі балалар.

Еске салсақ, бұған дейін Санкт-Петербург тұрғыны 22 жасар жігіттің энергетикті шамадан тыс пайдалану салдарынан өмірі қауіпке ұшырағаны туралы хабарланған еді. Ол түнгі компьютер ойындарына қызығып, ояу қалу үшін энергетикалық сусындарды іше бастаған. Алғашында күніне бір банка ішкен болса, уақыт өте оның дозасы аш қарынға 3-5 сусынға дейін жеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: