Жапония эмбриондарға "өзгеріс енгізгендерге" қылмыстық жаза енгізбек

Жапония эмбриондарға "өзгеріс енгізгендерге" қылмыстық жаза енгізбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2025 12:26 Сурет: freepik
Жапонияда адам немесе жануар эмбриондарына генетикалық өзгеріс енгізілген жағдайда оларды имплантациялағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kyodo агенттігінің мәліметінше, билік осыған қатысты заң жобасын 2026 жылы парламент қарауына ұсынуды көздеп отыр. Қазір мұндай процедураларға тек нұсқаулық деңгейінде тыйым салынған, бірақ оны бұзғандарға ешқандай заңдық жаза қолданылмайды.

Осыған байланысты алдын ала таңдалған қасиеттері бар, яғни бойы, интеллект деңгейі сияқты ерекшеліктері алдын ала жоспарланған "дизайнер-балалардың" пайда болуына қатысты алаңдаушылық күшейіп отыр.

Мамандардың айтуынша, генетикалық тұрғыда өзгертілген эмбриондармен жұмыс істеу жөніндегі клиникалық білім әлі де шектеулі, ал қауіп-қатерді дәл бағалау мүмкін емес. Олардың сөзінше,мұның ұрпаққа берілетін күтпеген өзгерістерге әкелмейтініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан заң арқылы қатаң реттеу қажет деп есептейді.

Үкімет генетикалық түзетілген эмбриондарды адамға немесе жануарға имплантациялағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 10 млн иенге дейін айыппұл салуды қарастыруда.

Геномды өзгерту технологиясына қатысты халықаралық пікірталас 2018 жылы Қытайда зерттеуші геномы өзгертілген егіздердің дүниеге келгенін мәлімдегеннен кейін өршіген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: