Жапония бірнеше күн қатарынан жауған қалың қардан жапа шегіп жатыр
Сурет: pixabay
Жапонияда жауған қалың қардың кесірінен екі адам қаза тауып, бірнеше көлік жолда қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ниигата префектурасында қолайсыз күн райынан екі адам қайтыс болды, деп мәлімдеді Хабар 24 арнасы. 80 жастағы ер адам қар күреп жүріп, өзенге құлап мерт болса, 27 жастағы әйел көлік ішінде жылынам деп газға уланып қалған.
Сонымен қатар қалың қардан жүздеген көлік жолда қалды. Жолдарды тазалауға өзін-өзі қорғау күштерінің сарбаздары жұмылдырылды.
Сондақ-ақ елде бірнеше бағыттағы пойыздар тоқтатылды. Бұған қоса 20 мыңға жуық шаруашылық жарықсыз қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript