Оралда жауған қардан 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды

Жарықсыз қалды тұрғындар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 18:18 Сурет: Zakon.kz
Оралда алғашқы қар түсті. Ақ ұлпаның көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жолда көлік қозғалысы да қиындады. Ұйытқыған жел мен толассыз жауған қар, жарық тарату желісіне әсер етіп, апатты жағдай тіркелген.

Шаһарда диспетчерлік қызметтің 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал коммуналдық қызмет жолдарды қардан тазалап үлгерер емес.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 300-ге жуық адам мен 182 техника осы жұмысқа тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: