Нигерияда қарулы қарақшылардың қолында қалған 200-ден астам оқушы: билік 100 баланы босатып алды

Нигерияда қарулы қарақшылар ұрлаған 200-ден астам оқушы: билік 100 баланы босатып алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 12:14 Сурет: pixabay
Нигерияның федералдық үкіметі Нигер штатында террористер ұстап отырған 100 оқушыны босатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Channels телеарнасының мәліметінше, содырлардың қолында әлі де 153 оқушы мен 12 мұғалім бар.

Басылым дерегіне сүйенсек, соңғы уақытта террористер бірнеше мектепке шабуыл жасаған. 25 қарашада билік 17 қараша күні Кебби штатының Мага елді мекеніне жасалған шабуылдан кейін кепілге алынған 24 мектеп оқушысын құтқара алды.

Мектептерге жиілеген шабуылдарға байланысты Нигерия президенті шетелдік сапарларын тоқтатты. Қауіпсіздік мақсатында 36 штаттың 10-ында мектептер уақытша жабылды. Бұл аймақтарға қосымша әскер мен полиция күштері жіберілді.

Бұған дейін Нигерияда қарулы қарақшылар 200-ден астам оқушыны ұрлап әкеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: