АҚШ Ресей мен Украина арадағы даулы мәселелердің 90%-ын реттеді деп санайды

Дональд Трамп, Вашингтон, Ақ үй, Ресей, Украина, бейбіт келісім, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 22:57 Сурет: flickr/White House
АҚШ билігі Ресей мен Украина арасында шиеленісті реттеуге байланысты даулы мәселелердің шамамен 90% шешілді деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.Ru басылымының хабарлауынша, Ақ үй 14-15 желтоқсанда Берлинде өткен АҚШ пен Украина өкілдерінің кездесулеріне баға берді. Оны "шынымен позитивті" деп санайды, ал АҚШ президенті Дональд Трамп аталған жайтқа риза екенін жеткізді.

Сондай-ақ Вашингтон аумақтық мәселелер бойынша түпкілікті шешімді Киев қабылдауы керек деп санайды.

14 желтоқсанда Жоғарғы Раданың Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және барлау комитетінің мүшесі Федор Вениславский Украинадағы бейбітшілік мүмкіндігі туралы ашық және жабық келіссөздердің нәтижесі Рождествоға дейін белгілі болатынын айтты.

Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа қазір "болашақ бейбіт келісімнің қандай да бір форматы" қажет екенін, оны дайындап Ресеймен келісу керектігін түсініп отыр.

Бұған дейін Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: