Қытай полицейлеріне көліктерді жедел тексеруге арналған ЖИ көзілдірігі берілді
Сурет: globovision
Бұл көзілдірік арқылы автокөлікті бар болғаны 1–2 секундта тексеруге болады. Полиция қызметкеріне көлікке бір сәт көз салу жеткілікті, деп жазады Globovision.
Мұндай жоғары жылдамдыққа сандық тұрақтандыру жүйесі бар 12 мегапиксельді кең бұрышты камера мен көзілдіріктің "ақылды" ішкі жүйесінің арқасында қол жеткізілген. Құрылғы сегіз сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ интернетке қосылмай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде таниды.
Нөмір анықталғаннан кейін ол бірден полицияның дерекқорларымен салыстырылады.
Нәтижесінде қызметкердің көз алдына мынадай мәліметтер шығарылады:
- көліктің тіркеуі;
- техникалық тексеруден өтуі;
- құқықбұзушылықтардың болуы;
- өзге де мәртебелер.
Барлық ақпарат көзілдіріктің кіріктірілген экранында қалқымалы хабарламалар түрінде көрсетіледі.
Mientras tanto en China 🇨🇳
— aapayés (@aapayes) December 14, 2025
🇨🇳Policías 'Robocop': China equipa a agentes con gafas de IA capaces de escanear a personas con solo mirarlas
El sistema reconoce automáticamente matrículas de vehículos, incluso sin conexión a Internet. pic.twitter.com/dYh8qHI5UK
Ал Қырғызстандағы әріптестері анағұрлым қарапайым жағдайда жұмыс істеуде: 15 желтоқсанда олар елдің басты шыршасын жағу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті.