Француз киносының аңыз тұлғасы Брижит Бардо дүниеден озды

Брижит Бардо, Франция, актриса,, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 15:14 Сурет: Instagram/brigittebardotpage/wikipedia
Француз киносының аңыз тұлғасы Брижит Бардо осы жексенбіде, 28 қазанда, 91 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Актриса, әнші, сн әлемінің иконасы, белсенді, Мадрага патшайымы көптеген ұрпақтың санасында өшпес із қалдыра білді.

Брижит Бардо - аты аңызға айналған француз актрисасы, фотомодель, әнші және 1950-1960 жылдардағы секс символдарының бірі, ол "Құдай әйелді де жаратқан" (1956) фильмінен кейін әлемге кеңінен танылды. 1973 жылы кинодағы мансабын аяқтағаннан кейін, ол өз өмірін жануарлар құқығын қорғауға арнады, өз атынан қор құрды және танымал қоғам қайраткері болды. Актрисаның еншісінде 48-ден астам фильм бар.

2025 жылдың 16 қазанында "Брижит Бардо қоры" жануарларды қорғау қорының басшысына "ауыр дертіне байланысты" ота жасалғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейінірек бұқаралық ақпарат құралдарында актрисаның қазасы туралы ақпарат жарияланды, бірақ 23 қазанда Бардо өзінің қазасы туралы қауесетті жоққа шығарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: