Венесуаладағы әскери операция Трампқа қарсы импичмент жариялауға түрткі болмақ
Сурет: flickr/Gage Skidmore
Ол өз сайтында Трамптың Конституцияда талап етілгендей заң шығарушылардың санкциясынсыз әрекет еткенін жазды. Конгрессмен президент өкілеттігі шеңберінен шығып, тежеу мен тепе-теңдік жүйесіне селкеу түсіріп жатқанда шеттеп қала алмайтынын атап өтті. Ол бұл мәселені фракция ішінде жедел талқылауды талап етті.
"Мен президент өз өкілеттігі шеңберінен шығып, тежеу мен тепе-теңдік жүйесіне селкеу түсіріп жатқанда жәйдан-жай қарап тұра алмаймын", - деді ол.
АҚШ 2026 жылдың 3 қаңтарына қараған түні Венесуэлаға соққы беріп, оның көшбасшысы Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті ұстады. Оларды АҚШ-қа алып кетті. Мадуро мен оның жұбайына "есірткі терроризмі", қару ұстау және есірткі контрабандасы бойынша айып тағылды. Саясаткердің өзі және оның әйелі Нью-Йорк сотында сөз сөйлеп, өздеріне тағылған айыппен еш келіспейтінін мәлімдеді. Кейінірек ел Америка Құрама Штаттарының шабуылына ұшыраған жағдайда деген қауіппен 4 миллионнан астам венесуэлалықтар мобилизацияға ілінгені белгілі болды.