Украинада танымал партия жетекшісі Юлия Тимошенко сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Сурет: Instagram/yulia_tymoshenko
Украинаның Ұлттық антикоррупциялық бюросы (НАБУ) "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенкоға ресми түрде күдік жарияламақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
НАБУ баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина Жоғарғы Радасындағы депутаттық фракциялардың бірінің басшысы депутаттарды сатып алу және нақты заң жобалары бойынша "қолдау көрсету" немесе "қарсы дауыс беру" үшін дауыс сатып алды деген күдікке ілінген.
Бұл туралы Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренко да өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
"Оқиға Юлия Тимошенко жайында болып отыр. Ол бірнеше депутатпен "Батькивщина" фракциясына өту мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп, бұл үшін ақшалай сыйақы немесе БЮТ-ке бейресми қосылу түріндегі ұсыныстар жасаған. Депутаттардың кейбірі бұл келіссөздерді жазып алып, материалдарды НАБУ-ға тапсырған", – деп жазды Гончаренко.
Бұған дейін Трамп Иранның іскери серіктестеріне баж салығын енгізгенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript