"Үш сағат бойы іздеді": он жастағы балаға суасты жыртқышы шабуылдады

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 12:03 Фото: unsplash
Замбияда он жастағы мектеп оқушысы қолтырауын шабуылына ұшырап, мерт болды. Жыртқыш төртінші сынып оқушысы Винок Каббайға шомылу кезінде шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ZNBC ақпаратынша, қайғылы оқиға Какамба ауылындағы Кариба көлі жағалауында болған.

Өңір полициясының командирі Муно Намалонгоның айтуынша, қолтырауын балаға шабуыл жасап, оны су астына тартып, әкеткен.

Жергілікті тұрғындар дереу құтқару операциясын ұйымдастырған. Он жастағы баланың дене бөлшектері жағадан шамамен 200 метр қашықтықтан, үш сағаттан кейін табылған.

Бұған дейін Индонезияда он жасар баланы сүйреп әкеткен қолтырауынға аңшылық жарияланғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: