Петропавлда 15 жастағы оқушы мектепке "шабуылдамақ" болған
Фото: Zakon.kz
Петропавлда мектептердің біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде хабарлаған адам ұсталды. Күдікті 15 жастағы мектеп оқушысы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол телеграмм желісі арқылы облыстық мамандандырылған мектеп интернатына қарулы жабуыл дайындалып жатқанын хабарлаған. Онымен қоймай, шабуыл жасалмас үшін ақша талап етіпті. Хабарламаны сол мектептің оқушыларына таратқан. КТК дерегіне сүйенсек, оқушы 2024 жылы сол оқу орнында білім алған. Ұсталған кезде ол "қалжыңдаған едім" деп ақталған. Оның "қалжыңы" енді майшаммен қаралмақ.
"Материалдар жинақталып, оқушыны девиант мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру орнына жіберу мәселесі қаралады. Бұндай әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды". Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің өкілі
Бұған дейін Астанада оқушылар тағы да қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript