Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды

Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 13:42 Сурет: pexels
Үнді мұхитының аралдарының бірінде ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Олар жыландардың бұрын кездеспеген жаңа түрін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Pensoft баспасының мәліметінше, Үндістанға қарасты Андаман және Никобар аралдарының құрамындағы Үлкен Никобар аралында зерттеушілер қасқыр тісті жыландардың жаңа түрін анықтады.

Ұзақ уақыт бойы бұл бауырымен жорғалаушылар Lycodon subcinctus атты кең таралған түрдің бір бөлігі саналып келген. Себебі олар жайлы бар болғаны бір ғана бақылау дерегі болған. Алайда қайта жүргізілген зерттеулер никобарлық популяцияның осы тұқымдастың басқа өкілдерінен айтарлықтай ерекшеленетінін көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, ең жақын туыстарымен генетикалық айырмашылық кемінде 6 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш оларды жеке түр ретінде бөліп көрсетуге жеткілікті негіз саналады.

Жаңа түрге Lycodon irwini деген атау берілді. Ол жабайы табиғатты қорғауды насихаттауға зор үлес қосқан әйгілі натуралист Стив Ирвиннің құрметіне қойылған.

Бұл жыландардың ересек дарақтарының ұзындығы шамамен бір метрге дейін жетеді, түсі жылтыр қара, әрі улы емес, сондықтан адамға қауіп төндірмейді. Қорегі негізінен бауырымен жорғалаушылардан, қосмекенділерден және ұсақ сүтқоректілерден тұрады. Аталған түр Үлкен Никобар аралына ғана тән эндемик болып саналады және тек ылғалды мәңгі жасыл ормандарда мекендейді.

Ғалымдар бұл жыланның бүгінге дейін бар-жоғы төрт рет қана тіркелгенін атап өтті. Мұндай оқшауланған түрлер адам аяғы сирек басатын аймақтарға тән.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: