Үнді мұхитының шалғай аралындағы мұздық ғалымдарды таңғалдырды

Ғалымдарды Үнді мұхитының оңтүстігінде (Австралия материгінің оңтүстік-батысында) орналасқан Херд аралындағы мұздықтың тез еруі алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2025 09:11 Сурет: pixabay
Ғалымдарды Үнді мұхитының оңтүстігінде (Австралия материгінің оңтүстік-батысында) орналасқан Херд аралындағы мұздықтың тез еруі алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian деректері бойынша, соңғы 70 жылда аралдағы мұздық көлемінің 25%-ы жойылған. 1947 жылдан 2019 жылға дейін аралдағы температура 0,7 градусқа артқан, ал мұздық қабатының ауданы 289 шаршы шақырымнан 225 шаршы шақырымға дейін қысқарған. Ең елеулі қысқару Стивенсон мұздығында байқалады.

Көршілес Лоуренс түбегінде мұздықтардың ауданы 10,5 шаршы шақырымнан 2,2 шаршы шақырымға дейін азайған. Зерттеушілер бұл аймақтарда тіршілік ететін ірі пингвин колонияларының биоалуандығын сақтау үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Жерге жұмбақ жұлдызаралық нысан жақындап келе жатқаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: