Таиландтқа саяхаттауды жоспарлап отырған ел азаматтарына ескерту жасалды

Таиланд, саяхат, туристер, ескерту, аптап ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 17:17 Сурет: pexels
Таиландтың метеорология қызметі 2026 жылы жазда әдеттен тыс ыстық ауа райы болатынын айтып, алдын ала ескерту жасауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, елде аптап ыстық әдеттегі кезеңнен ертерек басталады: ақпан айының соңында басталып, мамырдың ортасына дейін созылады.

Мәселен, елдің кейбір аймақтарында санап бағаны қатты көтерілуі мүмкін: +42...+43°C-ге дейін, ал жауын-шашын нормадан 30-40% төмен түседі деп күтіледі. Бұл, әсіресе солтүстік өңірлерге қатысты. Қолайсыз ауа райына байланысты бұл ескерту Май Хонг Сон, Лампанг және Так сынды провинцияларға қатысты айтылуда.

Thaiger басылымының хабарлауынша, мамандар жергілікті тұрғындар мен  туристерден осы жайтқа байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды және ауа райы болжамдарын қадағалап, оны назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алайда, мұндай табиғи құбылыс бұл ел үшін таң емес. Соңғы жылдары Таиланд үнемі аптап ыстық толқындарымен бетпе-бет келуде.  

Бұған дейін Таиландтағы сырттай ядролық жарылысқа ұқсас ерекше отшашу тұрғындарды шошытып жібергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: