Ресей мен АҚШ бір мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті

Ресей мен АҚШ бір мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2026 12:24 Сурет: freepik
Ресей мен АҚШ Украинаға қатысты келіссөздер аясында екіжақты экономикалық жұмыс тобын құруға уағдаласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК-ның жазуынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вашингтонмен қарым-қатынасты "прагматикалық" деп атап, тараптар бір-бірінің ұлттық мүдделерін ескеретінін айтты.

Лавровтың мәлімдеуінше, әскери-саяси мәселелер бойынша Женевада кеңейтілген құрамда өтіп жатқан келіссөздерден бөлек, тараптар екіжақты экономикалық жұмыс тобын құру туралы келіскен.

"Біз америкалық әріптестермен әскери-саяси бағыттағы келіссөздермен қатар, екіжақты экономикалық жұмыс тобын құруға уағдаластық. Осы топ аясында барлық мәселелерді талқылаймыз. Дональд Трамп әкімшілігінің түсінігіндегі өзара тиімділік дегеннің не екенін білгіміз келеді", – деді ол Al Arabiya арнасына берген сұхбатында.

Лавровтың айтуынша, екі ел бір-бірінің ұлттық мүдделерін мойындайды. Мүдделер тоғысқан жерде "пайда табу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажет".

Сонымен бірге ол Дональд Трамп кезеңіндегі АҚШ-пен қатынастарды "прагматикалық" деп бағалады. Алайда АҚШ-тың "Лукойл" мен "Роснефть" компанияларына қарсы енгізген санкцияларын "күтпеген шешім" деп атады.

Айта кетейік, 17–18 ақпанда Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдерінің үшжақты келіссөздері өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: