Ер адам жөргектерден тігілген костюммен өзенге түсіп, қауіпті инфекция жұқтырды
Сурет: theguardian
Британиялық перформанс-әртіс Зак Меннелл жөргектерден тігілген ерекше костюм киіп, Темза өзеніне түсіп, нәтижесінде қауіпті инфекция жұқтырып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының мәліметінше, оның костюмі ересектерге арналған 24 жөргектен тігілген. Осы әрекеті арқылы ол өзендердің ағынды сулармен ластану мәселесіне қоғам назарын аударуды көздеген.

Сурет: Instagram/ministryofartsorg
Алдымен Меннелл өзенге беліне дейін кіріп, өнер көрсеткен. Оқиғаны сол жерде жиналған көрермендер бақылап тұрған. Кейін ол суға тереңдей түскен сайын жөргектерден жасалған костюм өзен суын және ондағы қалдықтарды бойына сіңіре бастаған.
Нәтижесінде ол Вейль ауруын жұқтырып алған. Бұл – Лептоспироз вирусының бір түрі.
Мамандардың айтуынша, бұл инфекция көбіне жануарлардың, әсіресе егеуқұйрықтардың зәрімен ластанған су арқылы жұғады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript