Дубайда зәулім ғимараттардың біріне дрон құлады

Дубайда зәулім ғимараттардың біріне дрон құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 11:02 Сурет: Х/DXBMediaOffice
Дубайда дрон зәулім тұрғын үйге құлап түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ирандық дрон Address Creek Harbour тұрғын үй кешеніне соғылған. Ғимараттың 57-қабаты қатты зақымданған, ал жалпы ғимаратта 66 қабат бар.

Жақын маңда бес жұлдызды Address Hotels қонақүйі орналасқан. Бұл нысандар Дубайдағы элиталы аудандардың бірі – Dubai Creek Harbour аумағында тұр.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында төтенше қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Dubai Media Office өкілдерінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғимараттағы адамдарды эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ресей аспанында отты шар байқалғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: