Дубайда әуе рейстеріне қызмет көрсету уақытша тоқтатылды

Дубайда әуе рейстеріне қызмет көрсету уақытша тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 11:57 Сурет: pixabay
Дубайдың Азаматтық авиация басқармасы эмираттағы әуежайда рейстерге қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Dubai Civil Aviation Authority Дубай халықаралық әуежайындағы ұшулардың уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы эмираттың медиа кеңсесі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Билік өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шарасы ретінде қабылданған.

"Жолаушыларға рейстері туралы соңғы ақпаратты алу үшін өз әуе компанияларымен байланысуды ұсынамыз. Қосымша мәліметтер пайда болған сайын жарияланып отырады", – делінген ресми ақпаратта.

Сурет: Х/DXBMediaOffice

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Dubai International Airport маңында өрт шығып, жарылыстар болған. Қауіпсіздікке байланысты кемінде 15 ұшақ әуежай маңында айналып ұшып, қонуға мүмкіндік ала алмаған.

Көп ұзамай Dubai Police әуежай маңында дронға қатысты оқиғадан кейін әуежайға апаратын жолдарда қозғалыс уақытша шектелгенін мәлімдеді.

Бұған дейін Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: